Барлау жұмыстары барысында өрт сөндірушілер 6 адамды, оның ішінде 3 баланы қауіпсіз жерге шығарды.
Таразда өрт сөндірушілер 16 адамды құтқарып, эвакуациялады
177
оқылды

Тараз қаласы Талас шағынауданында бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетіп, өртті сөндіруге және тұрғындарды құтқаруға кірісті.

Барлау жұмыстары барысында өрт сөндірушілер 6 адамды, оның ішінде 3 баланы қауіпсіз жерге шығарды. Сонымен қатар баспалдақ арқылы 10 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады.

Өрттің аумағы 15 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

ТЖМ ескертеді: өрт шыққан жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, құтқарушылардың нұсқауларын орындаңыз.