Құтқарушылар 20 адамды эвакуациялады.
Астанадағы фитнес-орталықта өрт шықты
135
оқылды

Астана қаласының Алматы ауданында  Қ.Сәтбаев көшесінде орналасқан екі қабатты фитнес-орталықтың жертөлесіндегі кабель тұтанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Құтқарушылар жертөле бөлмесінің қатты түтінге толғанын анықтады.

Ғимараттағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны 20 адамды эвакуациялады.

– ТЖМ бөлімшелерінің жедел әрекет етуінің арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Өрттің одан әрі таралуына жол берілген жоқ. Зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада.