60 келідегі Данияр Ақбисеновтің 1/8 финалда Фуркан Авармен (Түркия) жолы түйісті.
Данияр Ақбисенов әлем чемпионатының ширек финалына өтті
Фото: ҚБФ
163
оқылды

Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кешкі сессияда 60 келіде Данияр Ақбисенов 1/8 финалда Фуркан Авармен (Түркия) жолы түйісіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы раундтан айқас өте жоғары қарқында өтіп, қос тарап та жеңіс үшін соңғы секундқа дейін барын салды. Нәтижесінде соққы жағынан дәлдік танытқан отандасымыздың мерейі үстем болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.