Өсім сауда кәсіпорындарында да, жеке кәсіпкерлік сегментінде де байқалды. Сауда кәсіпорындарының тауар өткізу көлемі 2,1%-ға, ал базарларда сауда жасайтындарды қоса алғанда, жеке кәсіпкерлердің тауар өткізу көлемі 9,3%-ға артты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бөлшек сауданың тауарлық құрылымында азық-түлік тауарларын өткізу қарқыны жоғары болды. Азық-түлік тауарларын өткізу көлемі 10,1%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарларды өткізу көлемі 1,6%-ға өсті.
Өңірлер бөлінісінде бөлшек сауданың өңірлік құрылымында ең жоғары үлес Алматы қаласына тиесілі, жалпы сауда көлеміндегі үлесі 32,8%-ды құрады. Одан кейін Астана қаласы (14,2%), Қарағанды облысы (7%) және Шығыс Қазақстан облысы (5,3%) орналасқан.
2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 40 707,2 млрд теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға өсті. Көтерме сауда тауар айналымының құрылымында азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер басым. Олардың үлесі 80%-ды құрады.
Көтерме сауданың жалпы көлемінде ең жоғары үлес Алматы қаласына тиесілі (35,1%). Одан кейін Астана қаласы (14,5%), Атырау облысы (13,5%) және Шымкент қаласы (6,3%) орналасқан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
