Коронавирус жұқтырғандар саны 204 адамға жетті
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 204 адамға жетті. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
"Қазақстандағы коронавирус бойынша 28 наурыз сағат 11:50 жағдай
⠀
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 11 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 10 адам, Алматы қаласында - 1 адам тіркелді.
⠀
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 117 адам, Алматы қаласында – 58 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 4 адам, Ақмола облысында - 5 адам,
Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам, жалпы 204 науқас тіркелді", – деліген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
[caption id="attachment_31237" align="alignnone" width="1000"] © Сурет ғаламтордан[/caption]