Танымал әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқан көптен бері бала сүйе алмай жүрген бір отбасының экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) бағдарламасына жұмсалатын барлық шығынын өтейтінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Белгілі продюсер мұндай шешімге халықтың қолдауы мен ақ батасына алғыс білдіру мақсатында келгенін жеткізді.
– Шын мәнінде, қазір қатты толқып тұрмын. Алла Тағала жүрегіме осындай белгі салды. Барлық халықтың арқасы ғой. Халық батасын беріп жатыр, халық бізді көтермелеп жатыр. Мен де осы халыққа жақсылық жасай аламын ба деп ойлап, Алладан бала тілеп жүрген бір отбасының балалы болуына себепкер болсам деген ниетім бар, – деді Мөлдір Мұқан.
Әнші қай отбасыға көмектесетінін және ЭКО бағдарламасына қанша қаражат бөлетінін әзірге нақтыламады.
