«Ордабасы» чемпиондық атақты мерзімінен бұрын жеңіп алу мүмкіндігін пайдалана алмады
«Ордабасы» чемпиондыққа бір қадам қалғанда ұпай жоғалтты
194
оқылды

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасында елордалық «Жеңіспен» 1:1 есебімен тең түсіп, чемпиондық атақты мерзімінен бұрын жеңіп алу мүмкіндігін пайдалана алмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Шымкентте өткен кездесуде алаң иелері қарсыласынан басым түсе алмады. Осылайша, ел чемпионының тағдыры алдағы матчтардың нәтижесіне байланысты болмақ.

«Ордабасы» 31 қазанда өтетін чемпионаттың соңғы турында сырт алаңда павлодарлық «Ертіспен» кездеседі.

Алайда чемпиондық бәсекенің тағдыры ертерек те шешілуі мүмкін. Ол үшін «Қайраттың» 25 қазанда «Ақтөбеге» қарсы өткізетін кездесуінің нәтижесі маңызды болмақ.