Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.
Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты
127
оқылды

Қарағанды облысының Шет ауданында SHACMAN жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға 24 қазанда күзетілмейтін теміржол өткелінде болған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Полицияның алдын ала мәліметінше, 53 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі теміржол өткелінен өтерде қауіпсіздікке толық көз жеткізбеген. Салдарынан көлік жолаушылар пойызымен соқтығысқан.

Оқиғаның өзге мән-жайы әзірге нақтыланбады.