Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов хабарлады.
Аталған азаматтар бұған дейін үй карантинінде жатқан. Себебі, олардың коронавирусқа шалдыққан елордалық туысы қонақта болған екен.
- Аталған 3 адам қазір инфекциялық стационарда жатыр. Жағдайлары қанағаттанарлық. Олар: 1954 жылы туған әйел, 1949 жылы туған ер адам және олардың 1990 жылы туған ұлдары. Олардан бөлек, бізде қазір стационарлық карантинде 95 пациент бақыланып жатыр. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық, - деді Сүлен Ілиясов.
Айта кету керек, ауру белгілері анықталған адамдардың барлық жақындары қазір ауруханаға жатқызылып, қатаң бақылауға алынған. Елорда іргесіндегі Қосшы ауылы қазір аурудың ошағына айналып отыр.