Алматы облысында төтенше жағдай режимін бұзған адамдар қамауға алынды.
Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты белгіленген бірқатар шектеу шараларына қарамастан, кей адамдар әлі де режимді бұзып жатыр.
Алматы облысында осындай ереже бұзушылықтар үшін 28 адам қамауға алынды, 7 адамға әкімшілік айыппұл салынды, 1 адамға ескерту жасалды.
"Осы шаралар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілгенін еске саламыз, осыған байланысты тұрғындарды өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарап, Денсаулық сақтау министрлігі мен ІІМ қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауды сұраймыз", - делінген хабарламада.