«Карантиндегі жұлдыз» Онлайн-кеңістікті игеру
«Карантиндегі жұлдыз» Онлайн-кеңістікті игеру
171
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twit­ter парақ­ша­сында: «Жез­таң­дай әнші, Еңбек ері Роза Рымбаеваның он­лайн кон­церті – халықтың ру­­хын көтеретін нағыз өнер туын­­дысы. Әлем ел­де­ріне үлгі болар­лық дүние. Ро­заға және барша мә­дениет қайрат­керлеріне ха­лық­­пен бірге болып, шығарма­шы­лығымен қолдау көр­сет­кен­дері үшін алғыс айтамын» деп жазды. Қазақтың аяулы әншісі, Еңбек ері Роза Рымбаева «Ка­рантиндегі жұлдыз» жобасына қатысып, көрермендерімен онлайн кездескен еді. Қазақ­стандық мәдениет және спорт ұйымдары жария­лан­ған карантин жағдайын­да көрер­мендер мен жанкүйер­лер­ден алыстамай, онлайн-кеңістікті қарқынды игеруде. Мәдени іс-шараларды өткізуге қойылған уақытша шектеулер әртістер үшін жаңа мүм­кін­­діктерге жол ашты. Карантин кезінде адам­дар­дың басым көпшілігі әлеуметтік желілерді бел­сенді пайдаланатынын ескере келе, өнердің қол­жетім­ділігін баршаға қамтамасыз ету мақса­тында Мә­дениет және спорт министрлігі және «Қа­зақтелеком» АҚ Live форматындағы «Карантиндегі жұлдыз» атты жаңа жобаны бастаған еді. Қазақстандық әртістер онлайн форматта «Қа­зақтелеком» АҚ-ның telecomkz YouTube арнасы арқылы өздерінің онлайн  концертін ұсынып келеді. Сондай-ақ бұл концерттер Мә­­дениет және спорт министрлігінің Face­book және Қазақконцерттің @qazaq­concert YouTube парақ­ша­ларында қайта­ла­на­ды. Өнер­сүйер қауым әр­түрлі бағыттағы – фольк­­лор­лық, эстра­далық, классикалық және ас­­пап­­тық концерттерді тамашалай ала­ды. Концерт барысында тыңдар­мандар өнер жұлдыздарымен тіке­лей сұхбаттасып, ой-пікірлерін біл­діруде.  Бұл концерттердің тағы бір айыр­машылығы – тегін әрі баршаға қолжетімді. Жобаның алғашқы онлайн кон­церті 23 наурыз күні сағат 21.00-де Тelecomkz YouTube арнасынан көрсетілді. Бұл кеште қоңыр дау­сымен, жүрекке жылы үнімен, әсем әуенді әндерімен көрерменнің ықы­ласына бөленген өнер иесі Жұбаныш Жексенұлы өнер көрсеткен еді. Одан кейін көрермендер онлайн-кеңістікте Жеңіс Сейдоллаұлының өнерін тамашалады. Бұдан бөлек, Мәдениет және спорт министрлігінің бұл бастамасын театр ұжымдары да қолдап, онлайн байланысқа шыға бастады. Мұхтар Әуезов атындағы акаде­миялық драма театр онлайн спек­такльден бөлек, Live форматында Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде арнайы сыр­ласу сағаттары мен сұх­баттар ұйым­дастырып жүр. «Абай мұрасы» – Ұлы Абайдың 175 жылдығына ар­нал­ған сырласу сағатында актерлерге сауалдар қойып, сұхбаттасуға мүм­кін­дік бар.  

Гүл БЕКЗАТ