Әлеуметтік желіде актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев пен актер Олжас Абайдың экс-жұбайы Аймира Аманның бірге түскен видеосы қызу талқыланып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты
Желіде тараған бейнежазбада Аймира Аман сахнада ән айтып тұр. Ал оның жанында қолына гүл шоғын ұстаған Дархан Мұсаевты көруге болады. Екеуінің күтпеген жерден бірге көрінуі көпшіліктің қызығушылығын тудырған.
Желі қолданушылары бұл көріністі Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың жеке өміріндегі оқиғалармен байланыстырып, түрлі пікір қалдырған.
«Енді осы екеуі үйленіп кетсе, қызық болады», – деп жазған желі қолданушыларының бірі. Ал енді бірі жағдайды үнді фильмінің сюжетіне теңеген.
Дегенмен Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның қандай себеппен бірге жүргені туралы нақты мәлімет жоқ. Олардың арасында жеке қарым-қатынас бар екені де расталмаған.
Айта кетейік, жуырда Дариға Бадықова мен Олжас Абай шаңырақ көтерген еді. Ал Дархан Мұсаев қазан айының соңында қайта үйленгенін хабарлап, неке қию рәсімінен бейнежазба жариялаған еді. Бірақ ол жаңа жарының кім екенін көпшілікке көрсетпеген.
