Қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, бүгін Алматы аумағында коронавирус инфекциясы ошағының 22 аймағы тіркелді. Атап айтар болсақ, төмендегідей:
Әуезов ауданында екі ошақ бар. Ол Жетісу-2 ықшамауданы, 70а мен Мамыр-4 ы.а., 313 мекен-жайында орналасқан.
Алатау ауданында бес ошақ тіркелді. Заря-Восток ықш., Сары-ой көшесі, 234 үй; Ақкент ықш., 7 үй Ақбұлақ ықш., 9; Жасыл Желек к-сі, 13; Тойшыбек батыр к-сі, 121 үй мекен-жайы.
Алмалы ауданында үш ошақ бар. Олар – Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16 және Жароков көшесі, 7.
Медеу ауданында 4 ошақ тіркелді. Олар – Достық к-сі, 162; Гоголь к-сі, 75; Қонаев к-сі, 62; Самал ықш., 3 пен 5 үйлер.
Жетісу ауданында 4 ошақ тіркелді. Еңлікгүл көшесі, 34а; Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; Құлагер ықш., 45 үйде.
Түрксіб ауданында 2 ошақ тіркелді. Жұлдыз ықш., 45; Жұлдыз -1 ықш., 13 үй.
Бостандық ауданында 1 ошақ бар. Тұрғыт Озал көшесі, 242 үй.
Наурызбай ауданында 1 ошақ тіркелді. Береке көшесі 1/97 мекен-жайында орналасқан.
Бүгіннен бастап Алматыда қосымша шектеу шаралары енгізілді:
– Қалада азық-түлік пен дәріханалардан басқа барлық кәсіпорын, мекемелер, сондай-ақ, демалыс орындарының барлығы жұмысын тоқтатты. Сондықтан қала тұрғындарына ешқандай себепсіз сыртқа шығуға тыйым салынады.
– Қоғамдық орындарда да 3 адамнан артық жиналуға болмайды;
– 65 жастан асқан тұрғындарға көшеде жүруге шектеу қойылды.
Мұндағы мақсат – адамдардың өздері, жақындары мен туыстарының, айналасындағы жандардың қауіпті індетті жұқтыруды төмендету.
Қала әкімдігі медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметтерімен бірлесіп, қауіпті індеттің таралуына тосқауыл болып, вирустың ошақ аймағынан тарап кетпеуі үшін күшейтілген жұмыстар жүргізуде.
Қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, кеше Алматы аумағында коронавирус инфекциясы ошағының 24 аймағы тіркелген болатын.
Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ