Атырауда медбике COVID-19 жұқтырды
Атырауда медбике COVID-19 жұқтырды
© Сурет ғаламтордан
232
оқылды
Атырауда коронавирус ауруына шалдыққан бесінші адам қалалық емхана қызметкері болып шықты, Coronavirus202020 порталы. Медбикенің 17 наурызда Алматы-Атырау рейсімен келген қыздан қан алғаны белгілі болды. Бүгін жергілікті тұрғынның коронавирустық инфекцияны жұқтырғаны анықталды. Қазіргі уақытта вирус жұқтырған пациентпен  байланысқа түскен 27 адам анықталып отыр. Олардың барлығы оқшауланып, карантинге жабылған. Осы сағатқа елде COVID-19 жұқтырудың 229 оқиғасы расталды. Қазақстанда жазылып шыққандардың саны 18 адамға жетті. 1 адам қайтыс болды.