Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 265 адамға жетті
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 265 адамға жетті
© Сурет ғаламтордан
180
оқылды
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 265 адамға жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. «Қазақстандағы коронавирус бойынша 29 наурыз сағат 14:40 жағдай ⠀ Коронавирус індетін жұқтырған тағы 14 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында – 11 адам, Алматы қаласында – 3 адам. ⠀ Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 162 адам, Алматы қаласында – 67 адам, Қарағанды облысында – 7, Ақмола облысында – 6 адам, Атырау облысы – 6 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 4 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 2 адам, жалпы 265 науқас тіркелді», – делінген министрліктің хабарламасында. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда COVID-19 дертінен 18 адам айығып, бір адам қаза тапты.