30 наурыздан бастап Қарағанды облысының бірнеше қаласында карантин жарияланады, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.
"2020 жылдың 29 наурызынан бастап Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің "Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларының аумағында карантин енгізу туралы" қаулысына сәйкес аталған қалалардың аумағында 2020 жылдың 30 наурызында сағат 00.00-ден бастап кәсіпкерлік және өзге де қызметтің және халықтың өмірінің ерекше жағдайлары бар карантин режимі енгізіледі", – деп жазылған порталда.
Еске салайық, 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан карантинге жабылған. Осы сағатта Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 265-ке жетті.