Қазіргі смартфондардың көпшілігінде өшірілген суреттер арнайы себетке жіберіледі. Мәселен, iPhone құрылғыларында мұндай файлдар 30 күнге дейін сақталады. Осы уақыт ішінде пайдаланушы оларды қайта қалпына келтіре алады.
Телефон сатқанда жеке суреттерді өшіру жеткіліксіз
214
оқылды

Смартфондағы жеке суреттер мен бейнежазбаларды өшіру олардың біржола жойылғанын білдірмейді. Кейбір файл телефон жадында немесе бұлттық сақтау жүйесінде қала береді.

Қазіргі смартфондардың көпшілігінде өшірілген суреттер арнайы себетке жіберіледі. Мәселен, iPhone құрылғыларында мұндай файлдар 30 күнге дейін сақталады. Осы уақыт ішінде пайдаланушы оларды қайта қалпына келтіре алады.

Сондай-ақ телефондағы суреттердің көшірмесі бұлттық сақтау жүйесінде, мессенджерде немесе бұрын жасалған резервтік көшірмеде болуы мүмкін. Сондықтан галереядан өшірілген файл басқа құрылғыда немесе сервисте сақталып қалуы ықтимал.

Бұл мәселе әсіресе смартфонын сататын немесе басқа адамға беретін азаматтар үшін маңызды. Жеке суреттерді, хат-хабарды және қолданбаларды қолмен өшіру жеткіліксіз болуы мүмкін.

Құрылғыны басқа адамға бермес бұрын қажетті ақпараттың көшірмесін жасап, жеке аккаунттардан шығып, телефонды зауыттық баптауларына қайтару қажет.

Дегенмен телефонды тазарту бұлттық жүйеде сақталған ақпаратты автоматты түрде жоймайды. Сондықтан жеке деректердің қай жерде сақталғанын да тексерген жөн.