Бұл туралы сот отырысына қатысқан журналист Жанат Молдашова мәлімдеді. Оның айтуынша, сотталған азамат осы мерзім ішінде пробациялық бақылауда болады.
«Хакер Атырау» деген атпен танылған азаматқа сот үкімі шықты
173
оқылды

Атырауда әлеуметтік желіде «Хакер Атырау» деген лақап атпен танылған Нұрлан Жаңбырбаевтың бас бостандығы 3 жыл 6 айға шектелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы сот отырысына қатысқан журналист Жанат Молдашова мәлімдеді. Оның айтуынша, сотталған азамат осы мерзім ішінде пробациялық бақылауда болады.

Қылмыстық іс бойынша 12 адам жәбірленуші деп танылған. Оларға келтірілген шығын 14 миллион теңгеден асады. Жаңбырбаев өз сөзінде оның 12 миллион теңгесін қайтарғанын айтқан.

Судья Эльмира Ойкулова жаза тағайындау кезінде осы мән-жайлар ескерілгенін және сотталушыға түзелуге мүмкіндік берілгенін атап өтті.

Айта кеткен жөн, Нұрлан Жаңбырбаевқа алаяқтық бойынша айып тағылған еді. Ол Атырау облысында бір отбасының жоғалуына қатысты әлеуметтік желіде ақпарат таратып, көпшілікке танылған.