Алматыда 7 індет ошағынан шектеу шаралары алынып тасталды
Алматыда 7 індет ошағынан шектеу шаралары алынып тасталды
© Сурет ғаламтордан
246
оқылды
Алматыда ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалардан коронавирус инфекциясына тән клиникалық симптомдардың белгісі болуы мүмкін деген мерзімнің, яғни инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты, төмендегі мекенжайлардағы 7 індет ошағында шектеу шаралары алынып тасталды: – Медеу ауданы – Зенков көшесі, 59; Достық көшесі, 162; – Түрксіб ауданы – «Алтай» ықшамауданы-1, 8; «Жас қанат» ықшамауданы, 86; Майлин көшесі, 77; Спасский көшесі, 63а; – Жетісу ауданы – Еңлікгүл, 34 а. Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің мәліметінше 29 наурыз, сағат 13:30 жағдай бойынша Алматы қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның 21 ошағы бар. Әуезов ауданындағы инфекцияның 2 ошағы – Жетісу-2 ықшамауданы, 70а;  Мамыр-4 ықшамауданы, 313 мекен-жайында орналасқан. Алатау ауданы бойынша 5 ықшамауданда инфекция ошақтары тіркелді. Олар Заря-Востока ықшамауданы, Сары-ой, 234; Ақкент-7 ықшамауданы; Ақбұлақ ықшамауданы, 9; Жасыл Желек көшесі, 13; Тойшыбек батыр, 121. Алмалы ауданында Желтоксан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7 мекен-жайлары бойынша инфекцияның 3 ошағы бар. Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ