Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жолдың нашарлығынан жедел жәрдем бригадасы шалғай ауылға жете алмаған. Осыған байланысты құтқарушылар арнайы техникамен дәрігерлерді науқастың үйіне жеткізген.
Шығыс Қазақстанда құтқарушылар шалғай ауылдағы науқасты ауруханаға жеткізуге көмектесті
116
оқылды

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданына қарасты Қарақужиха ауылында құтқарушылар шұғыл медициналық көмекке мұқтаж тұрғынға жәрдемдесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жолдың нашарлығынан жедел жәрдем бригадасы шалғай ауылға жете алмаған. Осыған байланысты құтқарушылар арнайы техникамен дәрігерлерді науқастың үйіне жеткізген.

Ер адамды тексерген медицина қызметкерлері оны шұғыл түрде ауруханаға жатқызу қажет деп шешті. Құтқарушылар ауыл тұрғынын жедел жәрдем көлігіне дейін жеткізіп, дәрігерлерге тапсырды.

ТЖМ төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу қажет екенін еске салды.