Елордада электр желісін қосу жұмыстарына байланысты бірқатар мекенжайда электр қуатын беру уақытша тоқтатылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
iKomek109 мәліметінше, «Интернациональный» қосалқы стансасына 10 кВ кабель желісін қосу жоспарланған. Осыған байланысты сағат 09:00-ден 10:00-ге дейін мына мекенжайларда жарық болмайды:
Алтындала: Көксай 2/1, 84, 85, 85/1, 85/2, 86, 86/2;
Жағажай: 1а, 82, 84, 55;
Қаражал;
Армандастар 2/3;
Ашутас;
Майлыкент;
Жылыбұлақ;
Сүткент;
Егінді;
135-көше;
Көкжиде;
Болғанбаев;
Гольф-клуб;
Қызылсуат кенті.
Тұрғындарға электр қуатының уақытша ажыратылатынын ескеріп, тұрмыстық жұмыстарын алдын ала жоспарлау ұсынылады.
