Бас прокуратураның мәліметінше, 28 және 29 қарашада сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады. Бұл талап әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарға да қатысты.
Қазақстанда екі күнге бірқатар шектеу енгізілді
110
оқылды

Қазақстанда бүгін, 28 қарашада мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қарсаңында тыныштық күні басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бас прокуратураның мәліметінше, 28 және 29 қарашада сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады. Бұл талап әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарға да қатысты.

Бұған дейін интернетте жарияланған үгіт-насихат материалдарын өшіру міндетті емес. Дегенмен оларды интернет-ресурстардың басты бетіне қайта шығаруға болмайды.

Сондай-ақ сайлау күні толтырылған бюллетеньді фотоға немесе видеоға түсіруге және оны таратуға тыйым салынады.

Бас прокуратура осы уақытқа дейін сайлау заңнамасын бұзудың 13 дерегін анықтаған. Оның жетеуі тыйым салынған уақытта үгіт-насихат жүргізуге байланысты. Заң бұзған азаматтар әкімшілік жауапқа тартылған.

Еске салайық, елімізде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді.