Полиция тұрғындарға жолда аса сақ болу қажет екенін ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 27 қараша күні таңертеңнен бастап елордада 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Қар мен көктайғақ көлік қозғалысын қиындатып, апат қаупін арттырып отыр. Осыған байланысты жүргізушілерге жылдамдықты асырмау, көліктер арасындағы арақашықтықты сақтау және күрт тежеуден аулақ болу ұсынылады.
Жаяу жүргіншілер де жолдан өтерде сақ болғаны жөн. Көктайғақ кезінде көліктің тежеу жолы ұзаратынын ескеру қажет.
