Сот оны екі жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ алты жыл бойы адвокаттық қызметпен айналысуына тыйым салынды.
Астанада тұтынушысынан 7 миллион теңге сұраған адвокат сотталды
128
оқылды

Елордада мемлекеттік органдарда байланысы бар екенін айтып, қорғауындағы әйелден ірі көлемде ақша алмақ болған адвокатқа сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, адвокат клиенті ұсталғаннан кейін оны қамаудан шығарып, үйқамаққа ауыстыруға көмектесетінін айтқан. Бұл қызметі үшін 7 миллион теңге сұраған.

Дегенмен әйел заңсыз мәмілеге бармай, құқық қорғау органдарына жүгінген. Жедел іс-шара барысында адвокат ақшаны алған сәтте ұсталды.

Сот оны екі жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ алты жыл бойы адвокаттық қызметпен айналысуына тыйым салынды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Прокуратура тергеу барысына заңсыз ықпал ету әрекеті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.