Қазақстанда он жыл бұрын жасалған қарақшылық шабуылды ұйымдастырды деген күдікпен іздеуде жүрген шетелдік Испаниядан экстрадицияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бас прокуратураның мәліметінше, қылмыс Астанада жасалған. Тергеу дерегіне сәйкес, күдікті екі сыбайласымен бірге тұрғынның үйіне заңсыз кіріп, оған күш көрсеткен. Жәбірленуші пышақ жарақатын алған.
Қаскөйлер үйдегі ақша, зергерлік бұйымдар мен электрондық құрылғыларды алып кеткен.
Күдіктіні Қазақстанға қайтару жұмыстарына Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігінің Интерпол ұлттық орталық бюросы және Қазақстанның Испаниядағы елшілігі қатысты.
Шетелдік қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға жеткізілді.
