Елордада 28 және 29 қараша күндері «Соғым-FEST» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Осы демалыс күндері сатылымға 100 тоннадан астам ет шығарылды.
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, жәрмеңкеге Ақмола, Абай, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және басқа да облыстардың шаруалары қатысып жатыр. Тұрғындар ет пен өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалсыз, тікелей өндірушілерден сатып ала алады.
Сиыр етінің бір келісі 3 300 теңгеден, жылқы еті 3 500 теңгеден, қой еті 3 700 теңгеден басталады.
Жәрмеңке сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:
«Keruen Joly» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 35Б;
«Ет Әлемі» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 31/1;
«Jurt» сауда орталығы – Бейбарыс Сұлтан көшесі, 3;
«ERA» базары – Қорғалжын тасжолы, 96.
Жәрмеңке отандық шаруаларға өз өнімін тікелей өткізуге, ал қала тұрғындарына қысқы соғымын қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.
