Алматылық «Қайрат» УЕФА Конференция лигасының төртінші турында Швецияның «Мьельбю» клубын 1:0 есебімен жеңді.
Осы жеңістен кейін қазақстандық клубтың еншісінде төрт матчтан кейін 5 ұпай бар. «Қайрат» жалпы кезеңнің турнирлік кестесінде 36 команданың арасында 23-орынға жайғасты.
Матчтағы жалғыз голды 14-минутта Еркін Тапалов соқты.
Жалпы кезең қорытындысы бойынша алғашқы сегіз команда тікелей 1/8 финалға жолдама алады. 9–24-орын алған клубтар плей-офф кезеңінде бақ сынайды. Демек, қазіргі нәтижесі бойынша «Қайрат» плей-офф аймағында тұр.
Алматылық клуб енді 10 желтоқсанда өз алаңында Румынияның «Университатя Крайова» командасын қабылдайды. Ал соңғы турда Нидерландтың «Твенте» клубымен кездеседі.
