Киев тағы да дрон соққысына ұшырады: қаза тапқандар мен жараланғандар бар
Киев тағы да дрон соққысына ұшырады: қаза тапқандар мен жараланғандар бар
236
оқылды

28 қарашада Ресей әскері Киевке ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасады, - деп хабарлайды Aikyn.kz

UNIAN порталының мәліметінше, шабуыл салдарынан бір әйел қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында бала да бар. Бұл туралы Киев қалалық әскери әкімшілігі мәлімдеді.

Шевченко ауданында дрондардың сынықтары балабақша аумағына құлаған. Салдарынан көлік өртеніп, балабақша ғимараты мен оған жақын орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің терезелері сынған. Аталған ауданда төрт адам зардап шеккен.

Соломен ауданында дрон сынықтары екі қабатты әкімшілік ғимаратқа құлап, нысанның бір бөлігі қираған. Үйінді астынан әйелдің мәйіті табылды.

Қаладағы төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Шабуылдың салдары мен зардап шеккендер туралы мәліметтер нақтылануда.