Кәсіпкер бай болғысы келетін адамға қарапайым болуға да кеңес берді
Марғұлан Сейсембай бай болудың құпиясын айтты
facebook.com/seimargulan
219
оқылды

Кәсіпкер Марғұлан Сейсембайдың пікірінше, тек көп еңбек ету адамның бай болуына жеткіліксіз. Үлкен капитал қалыптастыру үшін дұрыс стратегия, тәуекелге бара білу және қолдағы қаражатты көбейте алу маңызды. Бұл туралы ол Саидмурод Давлатовпен сұхбатында  айтты.

Сейсембайдың сөзінше, адамның көп жұмыс істеуі күнделікті қажеттіліктерін өтеуге мүмкіндік бергенімен, өздігінен үлкен байлыққа жеткізбейді. Ол үшін еңбектен бөлек, капиталды өсіру жолдарын меңгеріп, күш-жігерді дұрыс бағытқа жұмсау қажет.

Кәсіпкер бай болғысы келетін адамға қарапайым болуға да кеңес берді. Сұхбат барысында ол:

«Тәкаппар болғың келсе – кедей бол. Бай болғың келсе – қарапайым бол», – деген мазмұнда пікір білдірді.

Марғұлан Сейсембайдың айтуынша, байлыққа ұмтылған адам өз мүмкіндігін дұрыс бағалап, тәуекелден қашпай, ұзақ мерзімді стратегияға сүйенуі керек.