Бүгін түнде Нұрсұлтан Назарбаев халқаралық әуежайына бортында қазақстандықтар бар 4 ұшақ қонады. Келген жолаушылардың барлығы карантинге жіберіліп, коронавирусты анықтайтын тест жасалатын болады.
Нұр-Сұлтан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың айтуынша, соңғы тәулікте қалаға бортында 274 жолаушысы бар үш рейс келген.
"Барлық жолаушыларға зертханалық талдау жасалды. Алынған талдауларды зерттеп жатырмыз."- деді басқарма басшысы.