Алматыда коронавирустан емделіп жатқан 5 адам ауруханадан шықты
Алматыда коронавирустан емделіп жатқан 5 адам ауруханадан шықты
© Сурет ғаламтордан
5,201
оқылды
Алматыда коронавирустан емделіп жатқан 5 тұрғын ауруханадан шығарылды. Олар дәрігерлердің бақылауымен 14 күндік үй карантинінде болады. Сауығып кеткендердің арасында-үш ер адам, 1 әйел және 12 жасар бала бар. Бұрын 67 науқас болса, қазір қалалық жұқпалы стационарларда 62 науқас емделуде. 56 пациенттің көңіл-күйі қанағаттанарлық. Бір ересек адамның жағдайы ауыр, төртеуі - ауырлығы орташа, бір балада - ауырлығы орташа. Жалпы, Алматының провизорлық орталықтарында 1 032 науқас бар. Оның ішінде 122 бала. Карантиндік оқшаулауға-159 адам, үй карантинінде-1 514 адам.