Жұмыссыз қалғандар үйден шықпай-ақ 42 500 теңгені 3 күн ішінде алатын болды
Жұмыссыз қалғандар үйден шықпай-ақ 42 500 теңгені 3 күн ішінде алатын болды
Фото: Интернеттен алынды
321
оқылды
Өтінімдерді қарау және әлеуметтік төлемді тағайындау мерзімі 7 күннен 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ақша алатын азаматтардың санатын көбейтетін болды. Бірінші. Төлем алушылардың қатары көбейді. Бастапқыда бір адамға айына 42,5 мың теңгені (ең төменгі жалақы) болатын әлеуметтік төлем азаматтардың келесі санаттарына төленуі керек еді: орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері; жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – ЖК); жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор) (бұдан әрі – ЖП); бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер (бұдан әрі – БЖТ). Енді оларға: – қызмет көрсету саласында еңбек ететін азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын адамдар (бұдан әрі – АҚС), өздері үшін салық агенттері міндетті зейнетақы жарналарын аударған жеке тұлғалар кіреді. карантин енгізілген елдімекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері. Екінші. ТЖ байланысты жұмыссыз, табысынан айырылып қалғанын растайтын құжаттарды ұсыну қажет емес. Бұрын әлеуметтік төлемдер үшін өтінішті жұмыс берушілер беретін. Сонымен бірге, жұмыс берушілер төтенше жағдай кезінде қызметті шектеуге байланысты өз қызметкерлерінің жұмыссыз қалғанын растайтын құжаттарды, қызметкерлердің тізімін және қызметкерлерге жалақысы сақталмайтын еңбек демалысын беру туралы бұйрықтан үзінді көшірмені ұсынуы керек деген талап болатын. Енді төтенше жағдай салдарынан жұмыссыздығын растайтын құжаттарды ұсынуға қойылатын талаптар алынып тасталды. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін: жұмыс берушілер өтінішті тек қызметкерлердің тізімін қоса бере алады; ЖК, ЖП, АҚС және БЖТ төлеушілер жеке деректерді көрсете отырып, тек өтініш береді. Сондай-ақ қызметкер жұмыс берушіні күтпей-ақ өтінішті өзі бере алады. Сонымен бірге, барлық өтініш берушілер төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты жұмыссыздығы туралы деректердің дұрыстығы үшін өзі жауапты болады. Өтініш «Электрондық үкімет» веб-порталында «Электрондық өтініш» сервисі арқылы электронды форматта беріледі. Үшінші. Төлем тағайындау үшін әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қажетті қатысу мерзімі қысқартылды. Бұрын төлем тағайындау үшін әлеуметтік сақтандыру жүйесінде соңғы 12 ай ішінде кем дегенде 3 ай (АҚС үшін – БЖЗҚ-ға жарналар) төленген туралы анықтама талап ететін. Енді қызметкердің (ЖК және ЖП дербес) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (АҚС үшін – БЖЗҚ-ға жарналар) соңғы 12 айда кемінде 1 рет әлеуметтік аударымдар жасалса, әлеуметтік төлем тағайындау үшін жеткілікті болады. МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемді тағайындауға үміткер азаматтарға әлеуметтік аударымдар немесе зейнетақы жарналарының бар-жоғын дәлелдеудің қажеті жоқ, мұны автоматты түрде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ тексереді. Төртінші. Өтінімдерді қарау және әлеуметтік төлемді тағайындау мерзімі 7 күннен 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды.   https://www.youtube.com/watch?v=Pb7Vxlc-Ns0