Тағы 6 қалаға карантин енгізілді
Тағы 6 қалаға карантин енгізілді
Фото: Интернеттен алынды
265
оқылды
30 наурыз сағат 00:00-де Қазақстанның 6 қаласы: Атырау, Қарағаны, Теміртау, Шахтинск, Саран және Абай карантинге жабылады. Сондай-ақ Ақтау қаласына карантин талаптары енгізіледі. Алты қала тұрғындарының үйден шығуына тыйым салынды. Тек қана азық-түлік, дәріхана, банк қызметтері мен жұмысқа баруы үшін үйінен шыға алады. Атырау мен Қарағандының егде жастағы (65 жастан жоғары) адамдарына өзін-өзі оқшаулауға кеңес берілді. Сондай-ақ, 30 наурыздан бастап бұл қалаларда халық көп жиналатын орындар, мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар мен басқа да ұйымдар жабылды. Мейрамханалар мен дәмханалардың тек жеткізу қызметі арқылы жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Айта кетейік, Қарағандыда коронавирустың 7 жағдайы тіркелген. Саран, Шахтинск, Абай және Теміртау карантинге жабылған себебі бұл қала тұрғындарының 20 пайызы Қарағандыға жұмысқа және басқа да істер бойынша келеді. «Бұл қалаларда карантин коронавирустың одан әрі таралуына жол бермеу үшін қабылданды», – деп хабарлады әкімдік. Ақтауда 30 наурыздан бастап ерекше жағдай енгізілді. Қала бойынша тұрғындардың қозғалысын сағат 19:00-08:00 аралығына шектеу, пәтерден шығуға және қоғамдық орындарда жүруге тыйым салынды. Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан Алматы 30 наурыз бен  5 сәуір аралығына карантинге жабылған. Еске сала кетейік, соңғы ресми дерек бойынша Қазақстанда  коронавирус жұқтырған 284 адам тіркелді.