Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовты сот үй қамауына алу туралы санкция шығарды, – деп жазады тергеу сотының сайты.
Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовты қамау туралы санкцияны тергеу соты 28 наурызда шығарған.
Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген (Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы).
«Сараптама нәтижесінде, күдікті Қуанышбек Досмаилұлы Ысқақовқа қатысты «үйде қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өтініші қанағаттандырылды. Бұлтартпау шарасының мерзімі 2020 жылдың 26 наурызындағы 22:28-ден бастап 2020 жылдың 26 мамырындағы 22:28-ге дейін екі айға жалғасады», – деп хабарлады Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.