Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі күшейтілген карантин режимі кезінде жұмысқа баратын азаматтардың өзімен бірге қандай құжат алып жүруі керек екенін айтты.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, күшейтілген карантин режимінде жұмысқа баратын қызметкерлер өзімен бірге өзі жұмыс істейтін ұйымның мөрі басылған және басшысының қолы қойылған анықтаманы алып жүрсе жеткілікті.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де жұмыс орнынан алған анықтама мен қызметтік куәлікті өзімен бірге алып жүруі қажет.
«Журналистер өзімен бірге жұмыс істейтін ұйымның мөрі қойылған анықтама мен қызметтік куәлік ұстап жүруі тиіс», – делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, кешеден бері Нұр-Сұлтанда карантин тәртібі 6 сәуірге дейін күшейтілген режимге өтті.