Онлайн-бизнестің олжасы орасан
Онлайн-бизнестің олжасы орасан
400
оқылды
Карантинге байланысты халықтың жүріс-тұрысы барынша шектеліп, көптеген кәсіпорын мен мекеменің жұмысы тоқ­та­ды. Қашықтан жұмыс істеуге көшкендер көбейді. Ма­ман­дар бұл әдістің тиімділігін бұрыннан айтып жүр. Мәселен, швед ғалымдары 20 мың адамға зерттеу жасап, кеңсеге ұзақ жү­ріп бару ұйқы сапасына әсер етіп, шаршау мен қажуға әкеп соғатынын анықтапты. Айталық, егер сіз А пунктінен В пунктіне жетуге күніне 1 сағат жұмсасаңыз, денсаулыққа зиян тигізу ықтималдығы 20-60 пайызға өседі. Сондай-ақ қа­шықтан жұмыс істеу теріс әдеттерден тезірек арылуға сеп­теседі. Яғни, алкогольмен бетпе-бет келу 1,5 пайызға, те­мекі тарту 2 пайызға азаяды екен. Әрине, ерте ме, кеш пе, пан­­де­мия дауылы басылады. Бұдан да өте­міз, көбіміз аман қаламыз, бі­рақ әлем өзгереді. Өйткені жай­шы­­­лықта жылдар бойы талқы­лай­тын шешімдер қазір бірнеше са­ғат­та қабылданып жатыр. Әлемге әй­гілі философ Юваль Ной Хара­ри­дің пікірінше, дүниежүзі әлеу­мет­тік эксперимент алаңына ай­нал­ған. «Елдің бәрі үйде жұмыс іс­­­тесе, эко­номиканы қайтеміз? Бү­кіл оқу орындары онлайнға көш­се, білім беру жүйесі қайда ба­рады? Бы­лай­ғы уақытта мұндай эксперимент жа­сауға ешкімнің дәті жетпес еді» деп пайымдайды ойшыл. Рас, қашықтан жұмыс істеу жүйе­сін түбі үйренуге тиіс едік. Тө­­­тенше жағдай килікпегенде әр­не­ні бір сылтауратып жүре берер ме едік, кім білсін?! Сонымен, онлайн-бизнесті қан­­дай болашақ күтіп тұр? Сарап­шы­ларға сөз берейік.    width= Ахметбек НҰРСИЛА, «Бизнес бастау» кәсіпкерлік мектебінің жетекшісі: – Онлайн дегені­міз – адам­ның бір жерде отырып, басқа жақ­пен хабарласуы. Бұл туралы 100 жылдан астам уақыт бұрын Ыбырай Алтынсарин: «Өнер, білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды, Айшылық алыс жерлерден Көзді ашып-жұмғанша Жылдам хабар алғызды» деген. Сол кезде Бірінші өнеркәсіптік революция болды ғой. Ал мына онлайн дегеніміз – Үшінші өнер­кәсіптік революция. Екінші революция электр энергиясы шыққан кезде жүзеге асты. Осыдан 6 жыл бұрын мен Билл Гейтстің бір сөзін оқығанмын: «Егер сенің бизнесің интернетке кірмесе, он­да сенде бизнес болмайды», – дей­ді миллиардер. Сол кезден бас­тап мен осы мәселені зерттеуге кі­рістім, насихаттай бастадым және өзім де қолдануға көштім. Он­лайнның ең тиімділігі – онда шекара жоқ. Бизнес деген – талас, бизнес деген – соғыс, біреу­дің ақшасын біреудің алуы, кәсіп­кер­лер арасындағы бәсеке. Біз Қазақстандағы электронды коммерцияны, OLX, Satu.kz, Krysha.kz, Kolesa.kz, Kiwi-әмиян сияқты миллиардтаған долларды ай­налдыратын жобалардың бәрін Ресей мен Украинаның қолына беріп қойдық. Олар сол жақта отырып алып, еліміздегі ақшаны онлайн арқылы сапырып әкетіп жатыр. Мұны бес жылдан бері айтып келемін. Қазақтар, әсіресе жастар онлайн-жүйені меңгеріп, сауданы да қолға алып, қызмет көрсету саласын игеруге тиіспіз. Бірақ көпшілік сөзіме құлақ аспады. Онлайн жұмыс істеу деген не? Бұл – бірінші SMM-ді үйрену. Біреулер Instagram-ға ішкен-жегенін салады, ал он­лайн-кәсіпкерлер өзінің бизнесін тұтынушыға жеткізеді. Білім беру саласында қарапайым домбыра үйренуден бастап спорт болсын, психология болсын, математика мен физика болсын, кез келген білімді үйде оқытуға болады. Оның тиімділігі – барып-қай­туға уақыт шығындамайды, оның ақысы да аз, өйткені бір ма­­ман 10 адамға дейін, 100 мың адам­­ға дейін қызмет көрсете алады. Осыған ертерек көшуіміз керек еді. Былайша айтқанда, адамзат бұған дейін ат арбамен, өгіз арбамен жүк тасыса, одан кейін Ыбырай Алтынсарин: «Аты жоқ құр арбаны Мың шақырым жерлерге, Күн жарымда барғызды» деп дәріптесе, қазіргі онлайн – тағы да бір қадам ілгері басу. Амал қанша, жастарымыз оны игеруге асықпайды. Бүгінде WhatsApp, Instagram, YouTube болмаса, қалай жұмыс істер едік, халықты қалай хабарландырар едік, өзіміз қалай қатынасар едік? Біз түгіл етпен, сүтпен сауда-саттық қылатын адам­дар да онлайнды білсе, жұ­мысы жүрер еді. Бұл – заман та­лабы. Мына карантин соны бізге шапшаң түсінуге мәжбүрледі. Не нәрсенің де артынан жақсылығы болады, осы жағдайды біз оңтайлы пайдаланғанымыз жөн.    width=    width=Мейірбек БЕРДІБАЙҰЛЫ, Shonbay Online университетінің директоры: – Қазір көптеген азамат мына ка­рантинге байланысты жұ­мы­сы­нан айырылып қалды, та­бысы азайды. Сондықтан бұл – ке­ре­мет мүмкіндіктің бірі. Себебі адам­дар бизнесімді ашып алсам ғой деп армандайды. Қазір сол сәт келген сияқты. Онлайн-биз­нес көп қаражат пен ресурсты талап етпейді. Бүгінде өзіңізге ұнайтын саланы таңдап, сол сала бойынша бір мамандықты игеріп алуыңызға, онлайн-кәсіпкерлік, жеткізу қызметтері сынды неше түрлі қызмет түрлерін ашуыңызға болады. Онлайн-мамандықты меңгеру өте оңай. Қазақстанда болсын, шетелде болсын, өзіміз жан-жақтан үйреніп жатырмыз. Себебі қазір 4 жылдық білім жетпейтінін, қосымша әртүрлі мамандық қажет екенін түсіндік. Соның бірі – интернет-маркетолог мамандығы. Кәсіпкерлерге де осы интернет-маркетологтар қат­ты қажет. Өйткені бизнес он­лайнға ауыспайынша ұзаққа бара алмайтынын және мол табыстан айырылатынын бәрі түсінді. Мына дағдарыс біткеннен кейін көбі маркетолог іздей бастайды. Келесі дағдарыста осы жағдайдың қайталанғанын ешкім қаламайды. Одан кейінгі тағы бір жолы – бүкіл әлемде трендке айналған, Қазақстанға да соңғы жылдары келе бастаған бизнес саласы – өз білімің мен тәжірибеңді бас­қа­лармен бөлісу арқылы табыс табу. Мысалы, сіз бірнеше жылдан бері мықты журналист болып жұ­мыс істейсіз, журналистиканы басқаларға үйретумен айналы­сыңыз. Оның ішінде дұрыс жаза білу, копирайтинг жасасудың қыр-сырын көрсетіңіз. Қысқасы, білім-білігіңді ақшаға айналдыратын уақыт жетті. Карантин, дағдарыс дейміз, бірақ осының арқасында мамандар әлеуметтік желілерге шығып, жеке брендін дамытып жатыр. Аз қаражат талап ететін бизнес түрі – үйге барып көрсететін қызметтер. Ол шаштараз, визажист, жеткізу қызметтері болуы мүмкін. Қа­зақтардың арманы көп қой. Ка­рантин уақыты тамаққа үйден тапсырыс беруге дағдыландырады. Адамдар осыған үйреніп қалады да, карантин біткен соң да ары қарай тапсырыс береді, тоқ­тамайды. Жеткізу қызметі өте қатты қарқын алды. Glovo, Яндекс, Old Wolt деген сияқты жеткізу қызметтері нарыққа кірді. Одан кейін фитнес-тренерлік пайдалы. Мысалы, менің таныстарым бар. Zoom деген видеоконференция ұйымдастырып, өз тұтынушы­ла­рына онлайн түрде жаттығу жасатып жатыр.    width=Баян ҒАБДОЛЛАҚЫЗ, бизнес-жаттықтырушы: – Бүкіл әлем ка­рантинде отыр­ған шақта әркім бұл жағ­дайды әр­түрлі қамдайды. Кейбірі, мы­салы, қайғы-мұң­ға, негативке са­лынып, өшіп, күйіп кетуі де мүмкін. Ал кей­бірі әр сәттен, әртүрлі жағ­дай­дан мүм­­кіндік тауып, соны пай­­да­­ланып, керісінше, өзінің да­муына, алға қарай жылжуына алғы­шарт қа­лып­тастырады. Жал­пы, адам­дарға менің кеңесім – кез кел­ген нәр­седен, тіпті осы үйде отыр­ған қал­пымыздан да плюс көріп, оны өзіміздің белгілі бір қырларымызды, жұмысымызды, бизнесімізді жетілдірейік. Бұ­ған дейін бизнесті жүргізу бары­сында адамдарды дәмханаға, ко­феха­наға немесе мейрамханаға ша­қырып, сол жерлерде жүзбе-жүз кездесетінбіз. Қазір ондай мүмкіндік жоқ, бірақ мүмкіндік жоқ деп отыруға тағы болмайды. Себебі уақыт өтіп жатыр, бизнесті дамыту керек. Біз оның барлығын онлайнға көшірдік. Бүгінде гаджет, компьютер, смартфон, Zoom бағдарламалық құралы немесе  inCruises кабинеті бар. Тікелей онлайн-презентация ұйымдастыра бересіз. Оған сауатыңыз жет­песе, қарапайым WhatsApp-ты қол­даныңыз. WhatsApp-тың өзінде түрлі жиналыс өткізіп, мәсе­ле­лерді талқылау қиын емес. Кімде-кім жұмыс істегісі келмесе, сылтау іздейді, ал жұмысты алға жылжытам десе, мүмкіндік іздейді.  

Дайындаған Еркебұлан НҰРЕКЕШ