Нұр-Сұлтанда коронавирус індетінен тағы 1 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтанда коронавирус індетінен тағы 1 адам көз жұмды
230
оқылды
CORONAVIRUS2020.KZ-тің хабарлауынша, марқұм 50 жаста болған. 21 наурыз күні ауруханаға жеткізілген. Қазір оның барлық жақындары карантинге жатқызылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты. Марқұмның Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені айтылады. «Бүгін бір науқас коронавирустан қайтыс болды. Жақындары мен туыстарына көңіл айтамын», – деді Сәуле Қисықова. 50 жастағы науқас 2020 жылдың 21 наурызында жедел медициналық жәрдем бригадасымен ауруханаға жатқызылған. Бір ай бойы ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысы жиі іссапарға шығумен байланысты болған. Отбасы мүшелері мен жұмыс бойынша қызметкерлер қатарындағы 31 жақын адам ауруханаға жатқызылды. 55 адам байланыста болған, олар үй карантиніне жатқызылды. Оның отбасындағы тағы 2 адамнан коронавирус анықталды. Айта кетейік, тағы 17 адамның коронавирусқа шалдыққаны анықталды. Қазақстандағы коронавирус бойынша 31 наурыз сағат 09:40 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 17 адам тiркелді. Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Алматы қаласында - 9 адам, Қызылорда облысында - 3 адам, Атырау облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 175 адам, Алматы қаласында – 82 адам, Қарағанды облысында - 13 адам, Ақмола облысында - 10 адам, Атырау облысы - 13 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 8 адам, Ақтөбе облысында - 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 8 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 325 науқас тіркелді.