Маңғыстауда жемқорлық үш есе көбейді
Маңғыстауда жемқорлық үш есе  көбейді
408
оқылды
Маңғыстау облысында сы­байлас жемқорлық факті­ле­рі көбейген. Бұл туралы қо­­ғам­­дық коммуникация орта­­лы­ғында өткен баспа­сөз мәжі­лі­сінде Сы­байлас жем­қорлыққа қар­сы іс-қи­мыл агенттігі ай­мақ­­­тық д­е­партаментінің өкіл­де­рі айтты. Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс қимыл агенттігінің Маң­­ғыс­тау облысы бойынша де­­пар­­таменті басшысының орын­ба­сары Серік Қаныбековтің айтуынша, 2019 жылы 137 қылмыс әшке­ре­ленген. Бұл 2018 жылмен салыс­тыр­ғанда 4 пайызға жоғары. 55 тұлға күдікке ілініп, 114 қыл­мыс­тық іс сотқа жолданған. Анық­­талған және өндірілген мате­риал­дық залал сомасы 2,1 млрд тең­гені құрап отыр. Бұл 2018 жыл­­мен салыстырғанда 3,3 есе көп. Сондай-ақ 2018 жылмен са­лыс­тырғанда 641 млн 600 мың тең­геге артық сома. Сыбайластық әкімдіктерден бастап, түрлі мемлекеттік орган­дарға дейін дендеп еніп алыпты. Былтыр әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінде сы­б­айлас жемқорлық жасаған­дарға қатысты 66 дерек анық­тал­ған. Бұдан кейінгі орында денсаулық сақтау саласының мамандары 8, ішкі істер саласының құры­лым­дық бөлімдеріндегілер 7, ауыл шаруа­шылығы мекемелерінің қызметкерлері 4 рет қылмысқа барған. Департамент басшысының орынбасары Серік Қаныбековтің сөзінше, сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуде көмек көрсеткені үшін 13 азамат марапатталған. Олар­ға жалпы сомасы 2,5 млн теңге болатын сыйақы берілген. Ал 2018 жылы пара алу дерегінің жария болуына атсалысқан 6 адам 914 мың теңге көлемінде сы­йа­қы алып отыр. – Біз Маңғыстау өңірінде іске асып жатқан мемлекеттік және үкі­меттік бағдарламаларды жүзеге асы­руды да бақыладық. Осы са­ла­да 19 сыбайлас жемқорлық қыл­мысы тіркеліп отыр. Атап айт­сақ, «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы бойынша – 9, «Нұрлы жол» бағдарламасы бо­йынша – 7, «Білім және ғы­лым­­ды дамыту», «Денсаулық сақ­­тауды дамыту» мен «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары ая­­­сын­дағы жобаларды іске асыру ке­зінде бір-бір деректен сыбайлас жем­­қорлыққа бару фактілерін анық­тадық, – деді ол. Ведомствоның тергеу басқар­ма­сының басшысы Бауыржан Баймырзаның бүгінгі брифингте келтірген мәліметтеріне сүйенсек, аталған сыбайлас жемқорлық де­­­ректерінен мемлекетке келген за­­­­лалдың жалпы сомасы 558 млн 600 мың теңгені құраған. Бұл 2018 жылға қарағанда 187,9 млн тең­­геге, яғни үш есеге артық көр­сет­кіш. Бір қуантарлығы, жемқорлар қол­ды еткен 558 млн теңгеден ас­там мемлекет қаржысының 554 млн 400 мыңы өндіріліп алынды. – Біз жер қатынастары сала­сын­да 54 қылмыстың, денсаулық сақтау бағытында 12, құрылыс саласында 11, сондай-ақ ауыл шаруа­шылығы мекемелерінің қыз­меткерлері барған төрт қыл­мыс­тың жолын кестік. Мәсе­лен, Түпқараған ауданы жер қаты­нас­тары бөлімінің басшысы И.Нау­ха­нов пен Ақшұқыр ауы­лы­ның әкімі М.Ізтұр 263 жеке және заң­ды тұлғаға заңсыз жер те­лім­де­рін берген. Осы ретте мем­ле­кет­ке 1,5 млрд теңге көлемінде за­лал келтірілді. Сот үкімімен әлгі тұлғалар сотталды, – деді Бауыр­жан Серікұлы. Жең ұшынан жалғасқан жем­қор­лыққа үшінші билік – сот ор­гандары өкілдерінің де баруы кө­ңіл қынжылтады. Мысалға айтсақ, Жаңаөзен қала­лық сотының судьясы А.Сейл­­ханова 500 мың теңге пара­мен ұсталып, оған 25 млн теңге айыппұл салынды. Ол бұл ақшаны қалалық жер қатынастары бөлі­мі­нің талап арызын қараусыз қал­ды­ру туралы ұйғарым шығару үшін екі азаматтан талап еткен. – Осы тектес қылмыстық іс­­­тер­ді тергеу қорытындысы бо­йын­­ша мемлекеттік органдар мен ұйым­дарға 115 ұсыныс енгі­зіл­ді, (2018 жылы 69 ұсыныс бе­ріл­ген еді). Осы аталған ұсы­ныс­­тардың негі­зін­де былтыр 43, екі жыл бұрын 59 лауазымды тұлға тәртіптік жа­­­уапкершілікке тартылды, – деді брифингтегі сөзінде сы­бай­­лас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл агенттігі аймақ­тық депар­та­мен­тінің штаб бас­шысы Қайрат Зұлпықаров. Қайрат Амантайұлының ай­туын­ша, былтыр алдын ала сөз байласу арқылы пара алу және бюд­­жет қаражатын тұрақты жым­қы­ру жөнінен 5 дерек бел­гілі бол­ған. Олар бойынша анық­тал­ған және өндірілген залал сомасы 1,2 млрд теңгені құрайды. – ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ облыс­тық филиалының басшылары ұйым­дастырған қылмыстың жолы ке­сілді. Олар «Нұрлы жол» мем­ле­кеттік бағдарламасы аясында жүзеге асатын республикалық ма­ңыз­дағы жол салушы мердігер компаниялардан бірнеше рет заң­сыз сыйақы алған. Осындай кү­дік­пен қылмыстық іс сотқа жол­дан­ды. Нәтижесінде, мемлекет пайдасына 552 млн 200 мың теңге өндірілді, – деді ол. Сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметіне жергілікті шенеуніктер 16 рет заң­сыз араласқан. Ең сорақысы, об­лыстық туризм басқармасы бас­шысының міндетін атқарушы Г.Сүйеуова жеке бас пайдасын көз­деп, жергілікті ұйымның «Өңір­­­лерді дамыту» және «Руха­ни жаңғыру» бағдарламасы ая­сын­дағы ақпараттық турларда мемлекеттік сатып алулар бойын­ша заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі келтірген. Осы әрекетімен 20 млн теңге залал келтірді. Бұл дерек дәлелденіп, айып­та­лушы Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабымен кінәлі деп таныл­ды. Оған 2,5 млн теңге айыппұл са­лынған. Бүгінде 18 инвестициялық жоба­ны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу шаралары жүр­­гізілуде. Бұл жұмыстарды сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау об­лыстық департаменті «Бизнес пен инвестицияларды қорғау» жобасы аясында жүргізіп келеді. Айта кетейік, жоғарыда аталған инвестициялық жобалар 1 трлн теңгеден астам қаражатқа жүзеге асырылып жатыр. Брифингте айтылған тағы бір маңызды ақпар – өңірде жүзеге асып жатқан «Ашық бюджеттердің ин­те­рактивті картасы» жобасы бол­ды. Қазіргі уақытта бұл кар­таға 476 мемлекеттік және өзге ұйымның бюджеті туралы ақпа­рат салынған. Әлгі ұйымдар қатарын­да 27 колледж, 139 мектеп, 102 бала­бақша, 30 медициналық ны­сан, 51 мәдениет және спорт мекемелері бар.   Анаргүл ЖЕКСЕМБАЙҚЫЗЫ, Маңғыстау облысы