Қою түтін қаптаған қала

Қою түтін қаптаған қала

Алматы ауасының лас­ты­ғы көпшілікті алаң­дата бастады. Тіпті, қалалық­тар бұл жағдай­ға «қара қа­­быр­ға» деп ат қо­йып та үл­­гер­ген. 10 мыңнан ас­там қо­ғам бел­сен­дісі қол қойып, осы мәсе­ле­нің ше­­­шімін табу жайлы қала әкім­­­­дігіне ар­найы хат да­йындаған. Көп­тің жанай­қа­йы шенеу­нік­тердің де құла­ғы­на жете бас­таған сыңайлы.  

Министр мәлімдеме жасады

Экология, геология және та­би­ғи ресурстар министрі Мағ­зұм Мырзағалиев өзінің Twitter парақшасында әлеуметтік желі­лер­де Алматының ауасының лас­ты­ғы жөнінде қызу талқылау жүріп жат­қанынан хабардар екенін біл­дірді. Ол Президенттің тапсыр­ма­сымен Алматының ауасын жақсарту шараларының бірі ретінде тех­ни­калық-экономикалық негіз­деме әзірлеу басталғанына тоқтал­ды. «Оның аясында екі нұсқа қа­рас­­ты­ры­луда – газға ауысу не­ме­се ЖЭО-2-ге сүзгілер орнату. Техникалық-эко­­номикалық негіздеме биыл сәуір айында аяқталады. Содан кейін жобаның барлық тетігі, құны, техникалық сипаттамалары, зиянды шығымын азайту және өзге де ақпарат көпшілікке жария­ла­нады», – деді ол. Министрдің мә­лім­демесінен аса жаңалық кө­ріп отырғанымыз жоқ. Айтылып жүрген жайт. Әңгіме осы мәселенің қаншалықты шешім табатынында.  

Академиктің айтары бар

«Мәселені көтереміз, айта­мыз, талқылаймыз, шешу жол­да­рын табамыз, бірақ шешпейміз. Оның бірнеше себебі бар. Алма­ты­да лас ауаның басым бөлігі авто­көліктерден, 27 пайызы ЖЭО-2-нің салдарынан. ЖЭО-2 кү­ні­не 3 мың тонна көмір пайда­ла­­нады. Осыншама көмірдің түтіні қайда ке­теді? ЖЭО-2-ні газ­­ға ауыстыру ту­ралы айтылғалы көп болды. Ин­вестор боламыз деп қы­зы­ғу­шы­лық танытып отыр­ған­дар бар. Қала әкімшілігіне алып барып, таныстырдым. Соның өзінде мә­се­ле шешілген жоқ. «Жоба бар, ақша жоқ» дейді. Меніңше, қала бо­йынша Алматының экологиясы туралы ауқымды конференция өткізу керек. Ғалымдар шешу жол­­­дарын айтады. Мыңдаған пі­­кір айтылады. Сол мыңдаған пікір­дің ең болмағанда 10 пайы­зын пайдалансақ, оның өзі қала эко­логиясын 30 пайызға жақ­сар­тар еді», – дейді академик Нәдір Нәдіров. Ғалым Алматы ауасын жақ­сар­тудың түрлі жолдары бар еке­нін айтады. Күннің, желдің энер­­гия­сын пайдалану керегін алға тар­­тады. «Алматы арқылы тау­дан ке­летін 22 өзен өтеді. Сол өзен­дер­дің энергиясын пай­да­лану ке­рек. Машиналарды сығым­дал­­ған газға ауыстыру да бір тә­сі­лі. Әкімшіліктен ұсыныс болса, ға­лым­дар қол ұшын беруге дайын. Ин­­женерлік ака­де­мия­ның да осы мәселені шешуге жаңа тех­но­ло­­гиялары бар. Бірақ өкі­ніштісі ға­лымдардың еңбегін ешкім пай­да­­ланып жатқан жоқ», – дейді ака­­демик. Қалада 517 мыңнан астам кө­лік тіркелгенін әкімшілік ресми ха­бар­лаған. Одан бөлек, күн сайын қа­ла­ға 250 мыңға жуық көлік кіреді. Әрине, халықтың әл-ауқатының жақсарып, көлік мінгені жақсы. Дегенмен соның көбі ескі көліктер және жанармайдың да сапасы тө­ме­ні тұтынылады. Бұл өз кезе­гін­де қала атмосферасына шыға­ры­­латын зиянды заттардың дең­ге­йін арттыратыны рас.  

«Аллергиялық аурулар астанасы»

Сарапшылар Алматыны «ал­лер­гиялық аурулар астанасы» дейді. Мамандар бұл жағдайдың бас­ты себебі қаулап өсетін арам­­­шөп­­тердің салдары деп бі­ле­ді. Де­мек, Алматы ауасы көпші­лік айтып жүрген тек түтін қапта­ған қыста емес, жаз айларында да алаң­дайтындай ахуалда. Респуб­ли­калық аллергия орталығының жетек­шісі Таир Нұрпейісов «Алма­ты тек Қазақстанның ғана емес, Орталық Азияның да ал­ле­ргия астанасы. Оған се­беп то­лып жатыр. Біздің өткір кон­ти­­­нентальді климатымыз бар, жаз өте ұзаққа созылады. Осы уа­­­­қытта арамшөптер бірнеше рет то­заң шығарады. Жыл бойы өсіп тұ­­ратын өсімдіктер аз», – дей­ді. Таир Нұрпейісов Еуропада арам­шөп­терге экологиялық айыппұл салатынын айтады. Жеке үйде тұра­­тындар мен кәсіпкерлерді бос жерлерге көгал шөп отыр­ғы­­зу­ға немесе асфальттауға мін­­­­деттейді. Біздің елде де осы мәсе­ле айтылған. Қазіргі таңда тек тал­қылану үстінде. Әрине, жер кө­лемі жағынан әлемдегі тоғы­зын­шы мемлекет саналатын елімізде барлық арамшөптерді бақылауға алу қиындау. Бірақ елді мекендерді көгал­дандыруға ерекше көңіл бөлген жөн. Алматыда аллергия­лық аурулардың асқынуына лас ауадан басқа да бірнеше себеп бар. Санитарлық дәрігерлердің айтуын­ша, тамақ, сапасыз құры­лыс материалдары, тұрмыстық химия тауарлары және балалар ойыншығы. Өткен жылдың сегіз айында Алматыда аллергиялық аурулармен тіркелгендер саны – 21 958. Бұл 2018 жылы 40 198 бол­ған. Тауарлар мен көрсе­тіл­ген қызметтердің сапасы мен қа­­уіп­сіздігін бақылау депар­та­мен­­тінің жетекшісі Айзат Мол­да­­қасымованың айтуынша, сан­дар­ды саралай келгенде науқастар қатары арта түсетіні бай­қа­­лады. Аллергиялық аурулардың жиі кездесетіні – тері аурулары – 9 987, тыныс алу жүйесінің бұзы­луы – 4 850, аллергиялық кра­пив­ница – 2 075. Дегенмен қала эко­­логиясының нашарлауы тек ал­­лер­гияның ғана себепшісі бол­май­тынын, өзге де дерттерді ас­қын­­дыратынын атап өткен жөн. Қазіргі таңда Алматыда ауаны 16 бекет бақылауда ұстап отыр. 28 қаңтар мен 3 ақпан аралығында жа­салған сынама ауада зиянды зат­тар әдеттегідей нормадан жо­ғары екенін көрсетті. Тиіс­ті шаралар қолға алынбаса сынаманың алдағы уақытта да солай болары анық.   Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ