ҚазҰУ филиалы Сирияда ашылады
ҚазҰУ филиалы Сирияда ашылады
190
оқылды
Қазақстандық жетекші білім ордасы әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университеті Сирия астанасы Да­маск қаласынан филиалын ашады. Бұл бастама Алма­тыда Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мере­ке­сін атап өту салтанатының бастау алуы барысында айтылды. Мерейтойлық жылдың рес­ми рәсімінің ашылуында сөз алған  Мемлекеттік хатшы Қ.Кө­шербаев ұлы ойшылдың 1150 жылдық мерейтойын атап өту аясында ауқымды шаралар тек ел көлемінде ғана емес, ше­тел­­дерде де жоспарланғанын, со­ның ішінде Қазақстанның Дамаск қаласындағы тарихи-мәдени орталығы базасында ҚазҰУ филиалын ашу қарасты­рыл­ға­нын жеткізді. Бұл бастама ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтановтың әл-Фараби жылының салтанатты ашылуына келген Дамаск уни­вер­ситетінің президенті, про­фес­сор Мохаммед Махер Каба­ки­­бимен кездесуінде талқылан­ды. – Біз бұл идеяны толықтай қол­даймыз және филиалдың құ­ры­луына, алға жылжуына көмек береміз. Бұл халықаралық коло­борация үшін жақсы үлгі болады, Қазақстан мен Сирия ғылыми білім беру салаларында екіжақты қарым-қатынасын нығайтып, әл-Фараби мұрала­ры­на тереңнен зерттеу жүргізуді арттырады, – деді Дамаск уни­верситетінің ректоры.   Серік ӘЛІМЖАНОВ