Әл-Фарабидің 1150, Абайдың 175 жылдығына орай байқаулар онлайн өтеді
Әл-Фарабидің 1150, Абайдың 175 жылдығына орай байқаулар онлайн өтеді
Фото: Интернеттен алынды
217
оқылды
Жамбыл облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы төтенше жағдайға байланысты жастардың үйде отырған уақытын тиімді пайдаланып, онлайн жарыстар, дәрістер мен басқа да оқыту іс-шараларын өткізуді қолға алып жатыр. Басқарма басшысы Серікбол Берікқожа сәуір айында онлайн түрде өткізілетін іс-шаралардың жоспары бекітілгенін айтты.
«Негізгі жоспар бойынша басқарманың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында Kahoot интелектуалды ойынынан чемпионат ұйымдастырылмақ. Онда жастарға онлайн кеңес беру, хакім ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Артына өлмейтұғын сөз қалдырған» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Әлемнің екінші ұстазы» атты посттар байқауы сынды шаралар өтеді»,– деді ол.
Сондай-ақ, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен оқыту сабақтарын ұйымдастыру, жастарға пайдалы тақырыптарда мотивациялық кештер мен лекциялар ұйымдастыру, медициналық маска тігу, тігін өнері, ағаш, темірден бұйымдар жасау сияқты жастарды қызықтыратын шараларды ұйымдастырып, оның бейнежазбасын ютуб арнасына орналастыру және облысқа танымал жас өнерпаздардың онлайн-концерттерін ұйымдастыру сияқты шаралар өткізу жоспарланған. «Басқарма әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы салалық басқармалардың қатысуымен мемлекеттік қолдау тетіктері, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығын қолдау, тұрғын үй және тағы да сол сияқты тақырыптар аясында тікелей эфир арқылы онлайн кеңес беруді бастады. Бүгінде «Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы мен волонтерлік қолдау шаралары», «COVID-2019» короновирусынан сақтану шаралары және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділіктері» туралы тікелей эфир арқылы онлайн кеңестер берілді», – дейді Серікбол Берікқожа.