Жалған ақпарат жамандық шақырғанмен тең
Жалған ақпарат жамандық шақырғанмен тең
295
оқылды
Орынсыз хабарлама та­ратудан сақтаныңыз. Өйткені шын­дыққа жанаспайтын ақ­паратпен бөліскеніңіз үшін жауапқа тартылуыңыз әбден мүмкін. Иә, елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тарататындар саны артты. Ұсталып, жазалан­ған­дары да бар, іздестіріліп жат­қандары да көп. Біз олар­дың бірқатарын жинақтап шықтық. Жақында ғана «ДамуМед» пор­талына өзінің коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ту­ралы негізсіз ақпаратпен бөліс­кен қазақстандық азамат жөнінде Хабар24 арнасында өткен он­лайн брифингте Ақпарат және қо­ғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты. Ол сондай-ақ соңғы тәулікте төтенше жағдай тәртібін бұзғаны үшін 124 адам жауапқа тартылғанын жеткізді. Жезқазған қаласының тұрғыны да WhatsApp мессенджеріне мо­ниторинг жүргізу кезінде полиция қызметкерлері Жезқазған қала­сында 3 адам вирус жұқтырғаны туралы аудиожазба жіберген. Осы мәселе бойынша ПД баспасөз қызметі мәлімдеме жасады. – Бұл дерек шындыққа сәйкес келмейді, ҚК 274-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тер­геу басталды. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 32 жастағы қала тұрғыны анықталды, – деп жазылған мәлімдемеде. Тағы бір мысалға кезек бе­рейік, Алматы облысында «Ұзы­нағаш ауылының екі тұрғыны ко­ронавирус инфекциясын жұқ­тырды» деп қауесет таратқан әйел қолға түсті. Ол Жамбыл ауданы Үмбеталы ауылының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Жергілікті мектептердің бірінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі бо­лып жұмыс істейді екен. Оның жаз­басы мессенджердің өзге топ­тары арасында тез тараған. Тек­серіс кезінде негізсіз ақпаратты мыңнан астам жергілікті тұрғын та­ратып үлгергені анықталды. Жауап алу барысында мұғалім әйел өзінің коронавирус инфекциясы туралы ойланбай жалған ақпа­рат таратқанын толығымен мо­йын­дады. Аталған дерек бойын­ша Қылмыстық кодекстің 274-ба­бының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүр­гізілуде. Енді жазаланушы 3-тен 7 жылға дейінгі мерзімге бас бос­тан­дығынан айырылуы мүмкін.    width= Осыған ұқсас тағы бір жайт, Алматы облысындағы Іле ау­даны Өтеген батыр кенті №13 орта мектебінің бастауыш сы­нып мұ­ғалімдері WhatsApp мессенд­жерінде «Коронавирус індетінің таралуы себебінен Өтеген батыр кентіне баратын көлік жолдары жабылады» деген жалған ақпарат таратқан. Шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратушылар 28 нау­рызда анықталып, Іле ауданы По­лиция басқармасына жеткізілді. Олармен профилактикалық жұ­мыстар жүргізілді. Кінәлі тұлғалар істеген іс-әрекеттеріне өкінетінін жеткізді. Ақмола облысында да коро­навирус инфекциясын жұқтыр­ған­дар және бірқатар елді ме­кен­нің жабылатыны туралы жал­­ған ақпарат таратқандар ұс­тал­­ды. Жазаланушы WhatsApp мес­­сенджеріне мониторинг бары­сын­да қалада коменданттық сағат енгізіліп, тұғындардың көшегі шы­ғуына тыйым салынғаны туралы, сонымен қатар Ақкөл, Степногорск қалалары және Шортанды кен­ті аумағында блокбекеттер қойы­латынын айтқан. Тағы бір 23 жас­тағы Ақмола облысының тұр­ғыны WhatsApp-тағы топқа «Атба­сар қаласында коронавирус ин­фек­циясын жұқтырған адам анық­талды» деп жазған. Қазіргі уақытта «Қостанай об­лысының Арқалық қаласында коронавирус инфекциясы анық­талып, базар жабылды» деп жал­ған ақпаратты жариялаған әйел де іздестірілу үстінде. Қос­танай облыстық Полиция департа­менті баспасөз қызметінің хабар­лауынша, WhatsApp мессенджері арқылы Арқалықта коронавирус инфекциясын жұқтырған бір адам­ның тіркелгені туралы жал­ған ақпарат тараған. Аудио хабар­ламада вирус жұқтырған әйел­дің қала базарында жұмыс істей­тіні, саудагер таяуда ғана Біш­кекке тауарға барып келгені айтыл­ған. Сонымен қатар әйел қала ба­зарының, асхананың жабылып жат­қаны туралы ақпаратпен бөліс­кен. Полиция бұл хабарламада ай­тыл­ған деректерді теріске шы­ғарды. Жалған ақпарат таратушылар Батыс Қазақстан облысынан да шықты. Күні кеше Оралда коро­навирус туралы жалған ха­бар таратқан әйел ұсталды. БҚО По­лиция департаментінің ресми өкілі, полиция полковнигі Болатбек Белгібеков жедел іздестіру шара­лары барысында 1986 жылғы қала тұрғыны анықталып, қолға түскенін айтты. Дереу БҚО По­ли­ция департаментінің тергеу бас­қар­масына жеткізілген әйел «Оралда коронавирус анықталды, түнде қала маңындағы Желаев кентінде әйел ауруханаға түсті» деп жалған хабар таратқан.    width= Таяуда ақтөбелік тұрғын ка­рантинде болғаны туралы әлеу­меттік желі арқылы жалған мәлімет таратып, 3 тәулікке қамалды. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде «карантинге қарамастан коворкингке барып, кофе ішіп, қала ішінде серуендедім» деп жазба жариялаған. Ал тексеріс кезінде карантинде жатқан аза­маттар тізімінде ол адамның жоқ екені белгілі болды. Ал Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңір тұрғындарын жалған ақпарат та­ратпауға, сақтық ережелерін сақ­тауға шақырды. Бұл туралы әкім Facebook-тегі парақшасында жазды. – Қазір сын айтып, мін тағып оты­ратын уақыт емес. Жалған ақ­парат таратып, жамандық ша­қырып, халықты үрейлендірудің еш пайдасы жоқ. Керісінше, сын сағатта жұдырықтай жұмылып, бір-бірімізге қамқоршы, тілеу­лес болайық. Бір-бірімізге жана­шырлықпен қарайық. WhatsАapр арқылы келген байбаламдарға ермей, ақпаратты тек ресми де­рек көзінен ғана алуларыңызды сұрай­мын, – депті аймақ басшысы. Негізсіз ақпарат тарату былай тұрсын, ауруға шалдыққан аза­маттың аты-жөнін жалпақ жұртқа жария қылған тұрғындардың да бар екенін білдік. Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқ­тырған азаматтың жеке мәліметін әлеуметтік желіде таратқан адамдар іздестіріліп жатыр. Олардың үсті­нен қылмыстық іс қозғалғанын Ақ­парат және қоғамдық даму ми­нистрі Дәурен Абаевтың өзі бри­финг барысында айтты. Министр қазақстандықтарды тек ресми ақ­паратқа сенуге шақырды. Иә, расында да арамызда кез келген фейк ақпаратқа сене беретін және соны «маған уатсаптан келді ғой» деп дәлелдегісі келіп тұратын таныстарымыз өте көп. Олар сонда жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тар­тылатынынан хабарсыз ба? Жоқ әлде әдейі осындай қадамдарға бара ма? Ол жағы біз үшін де қы­зық. Не десе де, WhatsАpр-тан ке­летін жалған ақпараттар легі ба­сыл­май тұр.  

     width=Абылайхан ЖҰМАШ