Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің жаңа төрағасы сайланды.
Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы қызметіне депутат Бейбіт Мамраев сайланды.
«Комитет төрағасы лауазымына Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраевтың кандидатурасын ұсынамын. Б. Баймағамбетұлын жақсы білесіздер, бұған дейін көптеген жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Соңғы бірнеше жыл бойы Мәжіліс депутаты, соның ішінде осы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы болып, маңызды заңдарды қабылдауға өз үлесін қосып келеді. Осы салада білімі де, тәжірибесі де мол. Сондықтан аталған комитетті басқару үшін Бейбіт Баймағамбетұлы лайықты деп есептеймін», – деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.