Білім қуғанға – тегін планшет
Білім қуғанға – тегін планшет
344
оқылды
Қарағанды облысында 193 мыңнан аса оқушы қа­шық­тықтан оқуға көшті. Бюд­жеттен 2 409 компьютер мен планшет сатып алуға 377 мил­лион теңге бөлінді. Қарағанды облысында әлеу­меттік тұрғыдан аз қамтылған және көп­балалы отбасынан шық­қан 36 мыңнан астам оқушы бар. Оның ішінде 28 720 бала қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. 8 112 балаға интернет қол­жетімді емес, оқу процесі бастал­ғанға дейін бұл оқушылар толық қамтамасыз етілмек. Ауылдық елді мекендердегі 40 мектепте оқу дәстүрлі режимде жалғасады. Ауыл мектептерінде оқушылардың санына қарамастан, екі ауысымды оқытуға көшеді. Оларда кабинет жүйесі жойылып, санитарлық режим күшейтіледі. Ал аймақтың бес қаласында 30 наурыздан бастап барлық мек­тепке дейінгі білім беру ұйым­дардың қызметі тоқтатылды. Аймақта қашықтан оқу­ға дайындық үш бағытта: мұға­­лім­дер мен мектеп оқушы­ларын компьютерлермен және интернет желісімен қамтама­сыз ету, ай­мақтық мектептерді автомат­тан­дырылған платформа­лар­ға қосу, мұғалімдерді қашықтан жұ­мыс істеуге үйрету бойынша жүр­гізілуде. Барлық бала мен мұға­лімді компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін жергілікті бюджеттен ком­пьютерлер мен планшеттер сатып алуға қаражат бөлінді. Ұялы телефон операторлары және интернет қызметін көрсету­шілермен екі ай мерзімге тегін қызмет көрсету жұмыстары қолға алынады. 2 536 оқушы мен 134 мұғалімге мектеп компьютерлері уақытша тегін пайдалануға бе­рілді. Ақтоғай ауданы – 100 ком­пью­терге 30 млн теңге, Нұра ауданы – 100 компьютерге 19 млн теңге, Жаңаарқа ауданы – 55 ком­пьютерге 8,4 млн теңге, Қарқаралы ауданы – 100 компьютерге 19 млн теңге, Балқаш – 150 компьютерге 23,9 млн теңге, Жезқазған – 554 компьютерге 194,5 млн теңге, Сәтпаев – 175 компьютерге 35 млн теңге, облыстық орта мектептер – 126 компьютерге 9 млн теңге, Қарағанды қаласында 1049 планшетке 449 мың теңге бөлінді, – деді Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы Е.Иманғалиев. Мектептерде қашықтықтан оқыту автоматтандырылған иондық білім беру және sdot.bilimal.kz, daryn.online, sabak.kz, google.classroom.com сынақ алаңдары арқылы жүзеге асы­рылады. Skype, zoom. мүмкін­діктерін пайдалану жоспарлануда. Интернетке қосылу мәселесін шешу үшін мобильді провайдер­лермен қашықтан оқыту ке­зінде мобильді интернет қызметін тегін ұсыну жұмыстары басталды. Облыстың барлық колледжінде 37 530 студент қашықтықтан оқып жатыр. Облыста 80 мыңнан астам ша­ғын және орта бизнес кәсіп­орын­дары бар. Карантин кезінде жұмыс орындары мен жалақы сақталады. Әзірге «АрселорМиттал Темір­таумен» меморандумға қол қойыл­ған жоқ. Қайырымдылық қорындағы қаржыға 20 мың дана респиратор сатып алынды. Жергілікті бюджет есебінен 100 мың экспресс-тест алынды. Олар 7 сәуірде қолға тиеді. Барлық аймақтың емханаларына үлестірілетін болады. Тұрғындар тегін экспресс-тесттен өтетін бо­лады, – деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев. Қарағанды облысында 2 сәуір­ден бастап теміржол және авто­вокзалдардың, әуежайдың қызметі уақытша тоқтатылады. Сонымен қатар қоғамдық көліктердің қоз­ғалысы да шектеледі. Қазір 56 сұйықтық пен бүр­ку құралдары сатып алын­ды. Қо­ғамдық орындарға дезин­фек­ция­лық жұмыстар жүргізіліп жа­тыр. Ресейден 10 күннің ішінде та­ғы да 170 осындай құрылғы алын­бақ, – деді облыстың бас сани­тарлық дәрігері Қанат Асқаров. Облыста коронавирус инфек­ция­сымен ауырғандар саны 13 адамға жетті. Оның ішінде 10 адам 18 наурызда Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен Қарағандыға ұшып келген студенттер.  

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА Қарағанды облысы