Ауыл әкімі тойға барып, артынан өз еркімен қызметінен кетті – Қызылорда облысы
Ауыл әкімі тойға барып, артынан өз еркімен қызметінен кетті – Қызылорда облысы
Фото: Интернеттен алынды
254
оқылды
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Төңкеріс ауылының әкімі елдегі төтенше жағдай кезінде той тойлап жүргені анықталды. Коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жариялаған кезде мемлекеттік қызметкер туысқанының үйіндегі келін түсіру рәсіміне қатысқан. Көпке үлгі болуы тиіс әкімнің тойға барғаны әлеуметтік желі арқылы әшкере болған. Шиелі ауданы әкімі баспасөз хатшысының мәліметі бойынша Төңкеріс ауылының әкімі өз өтініші негізінде қызметінен босатылған. Ал той жасаған үй иесі Шиелі аудандық сотының қаулысымен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ Қызылорда қаласындағы кафе иесіне де төтенше тағдай талаптарына бағынбағаны үшін 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған. Осы жағдайға байланысты Облыс прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев: «Осы әрекеттері үшін құқық қорғау органдарымен төтенше жағдай жарияланғалы ҚР ӘҚБК 476-бабымен 49 тұлғаға әкімшілік хаттамалар толтырылды. Қазіргі таңда оның 14-і соттың қаулысымен әкімшілік қамауға алынды, 23-іне әкімшілік айыппұл салынды, қалған 12-сі соттың өндірісінде қаралуда», – деді.