«Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде 20 мың адам карантинге жабылды - Алматы облысы
«Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде 20 мың адам карантинге жабылды - Алматы облысы
Фото: Интернеттен алынды
367
оқылды
«Асыл Арман» тұрғын үй кешені карантинге жабылды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 20 мың адам карантинге жабылды. Басқарушы компания WhatsApp-та «Асыл Арманның» толықтай жабылатыны туралы хабарлама жіберген екен.   https://youtu.be/rI3VhyPceTc
«Құрметті тұрғындар! Қауіпсіздік мақсатында және коронавирустың алдын алу мақсатында өкілетті органдар «Асыл Арманды» карантинге жабу туралы шешім шығарды. Халықты азық-түлікпен, бірінші қажеттіліктегі тауарлармен және медициналық қызметпен қамтамасыз ету бойынша шаралар қарастырылып жатыр. (...) Сабыр сақтауға шақырамыз. Жұмыс берушілеріңізге карантинде екендеріңізді ескертіп қойыңыздар. Бұл шараға қатысты толық мәліметті ертең береміз. Абай болыңыздар, үйлеріңізде отырыңыздар» делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұл тұрғын үй кешенінде 21 үй, 5 мыңнан аса пәтер бар. Жергілікті халықтың айтуынша, мұнда тұрғындардың 95 пайызы Алматыда қалада жұмыс істейді. Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі тұрғын үй кешенінің карантинге жабылғанын растады.