1945 жылғы сәуірдің 30-ында Рейхстагқа бірінші болып Жеңіс туын тіккен қазақ офицері, «Халық қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы Ақмола облысының Астанаға жақын орналасқан Тайтөбе ауылының маңындағы қыстақта дүниеге келген. 4 жасында анасы дүниеден өтіп, әкесі жалған саяси жаламен сотталып, ГУЛАГ лагерьлерінде болды. Сөйтіп, Рақымжан Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленді. Жеті жылдық мектепті бітірген соң, осы арадан Балқаш қаласындағы фабрика-зауыт училищесіне жіберіледі.
Олар 300 метр жердегi фашизм ұясы - Рейхстагқа бораған оқ астынан 7,5 сағатта әзер жетiптi. Григорий Рақымжанды иығына шығарып, туды Рейхстаг қабырғасына неғұрлым жоғары тiккiзгенi өте қиынға түскенi анық. Бұл өлiмге бастарын тiккенмен бiрдей iс екенiне ешкiмнiң де таласы бола қоймас. Содан кейiн-ақ, немiстердiң мысы басылып, ендiгi қарсыласу ешқандай да ақылға сыймайтынын түсiнсе керек.Міне, осы жайында 2004 жылы "Жібек жолы" баспасынан "Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев" атты естеліктер жинағында айтылған. Оның авторларының бірі -майдангер жазушымыз Әзілхан Нұршайықов аталған ерлікті жасаған жолы-ақ Қошқарбаев пен Булатовтың «Кеңестер Одағы Батыры» құрметті атағына ұсынылғанына куәлік береді. Алайда, атақ сол жылдары жүргізілген солақай да шовинистік саясат ықпалымен келесі күні екінші туды тіккен орыс Егоров пен грузин Кантарияға бұйырады. [caption id="attachment_32616" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Яғни жан алып, жан беріскен соғыс кезінде де "Халықпен бірге туысқан партия" ұлттарға алалап қарау саясатын жүргізген еді. Мiне, 62 жылдан соң Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа бiрiншi болып ту тiккенi анықталып отыр. Бұл ерлiгi жайында кезiнде Қошқарбаевтың өзi де жазған болатын. Ұлы Жеңiстiң 20 жылдығында соғыс ардагерлерi Мәскеуге шақырылған. Сонда грузин Кантария 150-шi дивизияның Рейхстагқа тiгiлген туын Қызыл алаңға ұстап шығады. Сол топта Рақымжан Қошқарбаев та болған. Ол Кантарияның қолынан туды жұлып алып: «Бұл туды Рейхстагқа бiрiншi мен тiккенмiн»,- деген еді. [caption id="attachment_32618" align="alignright" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды. 1947-1967 жылдары Ақмола облыстық атқарушы комитетінің нұсқаушысы, Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқармасының инспекторы болды. 1967 жылдан «Алматы» қонақүйінің директоры қызметін атқарған. «Қызыл ту», «1-ші дәрежелі Отан соғысы» ордендері мен «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдарының иегері. Рейхстагқа ту тіккені үшін «Жауынгерлік Қызыл ту» орденінің иегері болды. Ал 2001 жылы «Халық қаһарманы» атанды. Рақымжан Қошқарбаев 1988 жылдың 10 тамызында Алматы қаласында қайтыс болды.