Көгершіндер аштан қырылуы мүмкін
Көгершіндер аштан қырылуы мүмкін
208
оқылды
Әлеуметтік желіде Ал­матыдағы 28 панфилов­шылар атындағы саябақта қырылып қалған көгер­шін­дердің ви­деосы қызу талқыға түскен еді. «Неліктен?» сұ­рағы көптің көкейінде сайра­ғаны белгілі. Бірқатар аза­маттар кептер­лердің қыры­луына дезин­фекция шарасы әсер еткен бо­лар деп топшы­лады. Алайда бұған санитар­лар нақты жауап бере қойған жоқ. Тек мәселені зерт­тей­тінін айт­қан. Ал Алматы қа­ласы әкімі­нің орынбасары көгер­шіндердің қырылуына мүлдем басқа жағдай әсер еткен болуы мүмкін екенін айтты. Қала әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов көгер­шін­дердің қырылып қалуына қатысты сарапшылар пікірі әр­түрлі екенін айтады. Біріншіден, биология мен зоология сарап­шы­лар қауымдастығы елдің сая­бақтағы көгершіндерді күнде тамақтандыратынын алға тартады. Әрі қыс келгенде саябақты жапқан соң жем таба алмаған көгершіндер аштан өлуі мүмкін екен. Сондай-ақ Ерлан Қожағапанов 28 панфиловшылар атындағы саябақтағы сырғанақтарды бұзу кезінде кептерлерге зиян тиген болуы мүмкін дейді. Өйткені мұзды еріту кезінде арнайы хи­миялық ингредиенттер қолданады. Аталған қоспалар еріген қар суына қосылып, оны ішкен көгершіндер өліп қалуы мүмкін деген болжам айтты. Ал саябақтағы мұз айдынын бұзу жұмысы 23-25 наурыз ара­лығында жүргізілсе керек. Ал саябақта жүргізілген дезин­фекция шарасы туралы болжамға әкім орынбасарының берер жауа­бы дайын. Саябақ 19 наурыз күні залалсыздандырылған. Ал 20 наурыз күні саябақ жабылған. Елге мәлім видео болса 25 наурыз күні жарияланған. Дезинфекцияның әсері болған-болмағаны белгісіз. Алайда ол мұның әсер етуі әсте мүм­кін емес екенін алға тарт­ты. Деген­мен 2 сәуір күні көгер­шін­дерге арнайы сараптама жа­сал­ған. Сараптама нәтижесі екі күн­нен соң белгілі болады.  

Айбике ЖАНАСЫЛ