15 сәуірге дейін 13 674 қарағандылық Birgemiz қоғамдық қорынан қаржылай көмек алады
15 сәуірге дейін 13 674 қарағандылық Birgemiz қоғамдық қорынан қаржылай көмек алады
2,232
оқылды
Nur Otan партиясының мұрындық болуымен Birgemiz қоғамдық қоры құрылды. Қорға 13,46 млрд теңге жиналды. Қорға жиналған қаражатты еліміздің 23 қаласына бөлді. Қарағанды облысының Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларына 683 млн теңге берілмек. Ол қаражат осы үш қаланың аз қамтылған 7 санаттағы тұрғындарына 50 мың теңгеден бір реттік көмек түрінде беріледі. Оған кімдер кіреді? Аз қамтылған, оның ішінде көп балалы отбасылар, 1 топ мүгедектері, мүгедек бала тәрбиелеушілер, төлемі төмен зейнеткерлер, жетімдер, ҰОС және тыл ардагерлері. Қарағанды облысының үш қаласы бойынша 13 674 адам 50 мың теңгеден алады. Оның ішінде АЕК алушы 602 көп балалы отбасы, 4276 бірінші топ мүгедегі, 2741 мүгедек бала тәрбиешілері,  4549 зейнектер, 670 жетім бала, 826 ҰОС ардагері, 10 тыл ардагері бар. Тізімді жергілікті әкімдік ұсынды. Қаражат 15 сәуірге дейін шотқа түседі.

Ләззат Қожахметова, Қарағанды облысы.