Nur Otan партиясының жанындығы «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен Сапарғали Бегалин атындағы Алматы қалалық орталық балалар кітапханасында «Ұрпақтар сабақтастығы – тәуелсіз Қазақстан іргетасы» атты жоба аясында ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ақберен Елгезекпен кездесу кеші өтті.
Кездесуді Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 4-курс студенті Әбілқайыр Тілеужан жүргізді. Еркін форматта өткен кеште көрермен тарапынан түрлі тақырыпта сұрақ қойылды. Шығармашылығы жайында әсерлі әңгімелерімен бөліскен ақын барлық сауалға шынайы жауап берді. Сырлы сұхбатқа толы кездесуде жастар ақынның шығармашылығымен, адами болмысы және рухани әлемімен жақын танысты.
– Бұл кездесудің басты мақсаты – Жастар жылы аясында ұйымдастырылып отырған «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында жастар мен аға буын өкілдері арасындағы байланысты нығайту. Олар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан ел тірегі жастар екенін әсте естен шығармаған абзал. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жолында ел жастарының атқарар рөлі орасан зор, – деді Ақберен Елгезек.
Кездесу соңында ақын іс-шараны ұйымдастырған Алматы қалалық «Жас Отан» Жастар қанатының ұжымына алғысын білдірді.